
Тұңғыш
- «
- »
Тобыл-Торғай өңірі жер үсті және жер асты байлықтарымен ғана емес, сол сияқты ұлтымыздың мақтанышына айналған талай даңқты тұлғаларды өмірге әкелген құнарлы топырақ ретінде де көпшілікке мәлім. Белгілі бір себептермен Қостанай облысын тұңғыштар мекені десе де артық емес. Өйткені, қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин, тұңғыш кәсіби журналист Мұхаметжан Сералин, қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер Мұхамеджан Қарабаев және басқа да көптеген ұлт қайраткерлері осы өңірдің тумалары болып табылады.