ШҰҒЫЛ! ЖОСПАР ОРЫНДАЛМАҒАН КЕЙБІР ӨҢІРДЕ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕН Толығырақ

ЖОЛДАУ: ҚАЛА АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

20:32, 11 қазан 2018

Қостанайда Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша қала активі өтті. Жиында стратегиялық құжатта көрсетілген мақсат-міндеттемелер талқыланды. Қала әкімі Жолдауды жүзеге асыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Жаңа Жолдаудың елдің әлеуметтік әлеуетін арттырудан бөлек, рухани мазмұны да терең. Тарихи құжаттың жүйелі жүзеге асуына, қоғамдық ой-пікір қозғауда қала активі де белсенділік танытуда. Елбасы Жолдауы мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық беру – біздің басты борышымыз дейді қала әкімі.

Жолдар салынбай, көңіл жайланбайды. Жиында жол жағдайы жарияланды. Оның қадірін қостанайлықтар жақсы біледі. Өйткені, ылғал түссе, табаныңа желімдей жабысқан жолмен жүру мұңға айналады. Қаланың жол құрылысына қыруар қаражат бөлінген. Қаржы бөлінгенмен, жол дегеніміз бірден салына қоймайды, - дейді құрылыс мамандары.

Болашағынан зор үміт күттіретін «жастар жылы» кейінгі толқынға үлкен жауапкершілік жүктейді.  Жастардың барлық санатын қолдап отырған елбасына алғысымыз шексіз дейді қалалық жастар маслихатының депутаты.

Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері, бұл бүкіл саланы қамтитын бүтін жүйе ғана емес, жалпы, Қазақстанның экономикалық өсімінің жаңа моделін қалыптасырудағы сенімді көпір болатындығы туралы жиынға қатысушылардың ойы бір жерден шықты. «Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін қостанайлықтар бар күш-жігерін қосатынына сенімдімін», -деді жиынды қорытындылғаншаһар басшысы.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН»: АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ІТ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ
18:13, 12 қараша 2018
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН»: АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ІТ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫ: ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫ ӨСТІ
20:32, 5 қараша 2018
ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫ: ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫ ӨСТІ
Толығырақ...
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ
20:45, 30 қазан 2018
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ 47 ЖИНАҚ ШЫҒАРЫЛАДЫ
11:12, 4 тамыз 2022
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ 47 ЖИНАҚ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Толығырақ...