
Қарашның 9 мен 14-і аралығында өңірде интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың алдын алуға және ашуға бағытталған «Хай-тэк» операциясы өткізілді. Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде облыс аумағында барлығы 38 құқық бұзушылық ашылды. Олардың басым бөлігін интернет-алаяқтық құрайды.
Аталған іс-шараның 7 күні ішінде интернет-пайдаланушыларды алдаудың 38 фактісі анықталды. Мәселен, Қостанай қаласының тұрғыны «Оlх.kz» сайтына жалған хабарландырулар орналастырып, ұрланған құлаққапты сатпақ болған. Одан бақылау сатып алу барысында тыңдау мүмкіндігі бар 1 құлаққап тәркіленді. Сондай-ақ, Әулиекөл ауданының 35 жасар тұрғыны өзгелердің дербес деректерін пайдалана отырып, микроқаржы ұйымдарында онлайн-кредиттер рәсімдеумен айналысқан. Жедел іс-шаралар барысында қосымша 7 жәбірленуші анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 4 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.