
Елбасы мемлекеттілікті нығайту және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін 5 институттық реформаны ұсынған болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған 11 мақсатты қадамды қамтитын «100 нақты қадам» ұлт жоспары өңірмізде де ойдағыдай жүзеге асуда. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша азаматтық, әкімшілік, қылмыстық сот залдар толық аудио – бейне бақылауға алынып, бұл сот төрелігінің барынша ашықтығын қамтамасыз етуде.
Еліміздің сот саласы бүгінде қуатты да, қауқарлы біртұтас жүйеге айналды. Бұған Елбасы тапсырмасымен соңғы жылдары жүргізілген құқықтық реформалар ықпал етті. 9 айды қорытындылауға арналған мәжілісте облыстық соттың судьялары осындай пікір білдірді. Жалпы, ағымдағы жылы Қостанай облыстық сотына 4108 азаматтық іс келіп түсті. Судьялар берген мәліметтерге сәйкес, 2000 ға жуығына қатысты шешім шығарылды. Фемида өкілдері соңғы кездері әкімшілік істердің көбейгендігін алға тартты. 2017 жылы 5680 іс келіп түскен. Салынған айыппұл көлемі 258 мн тенгені құрайды. Сондай ақ, ағымдағы жылы аты шулы 9 қылмыстық іс қаралды. Қазақстандық сот жүйесіне енгізілген дау-жанжалды шешудің жаңа мәдениеті - медиация да облысымызда қолданысқа кеңінен енгізілуде. 9 айдың ішінде Қостанайдың медиаторлары мәмілеге келе алмаған тараптарды түсіністікке шақырып, 334- тен астам даулы мәселені сотқа жеткізбей шешкен.