ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖҮГІРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

11:15, 25 қазан 2021

Өткен демалыс күні облыс орталығында жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді. Дәстүрге айналған дода биылғы жылдың айтулы оқиғаларының бірі, алғашқы ағартушы – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналды. Желаяқтар жарысына тілші куә болып қайтты. Жылда ұйымдастырылатын желаяқтар жарысына жастар мен ересектерді қосқанда бая-аяғы 200-ге жуық адам қатысты. Дәстүрлі доданың өзгермейтін тақырыбы - Ыбырай Алтынсариннің туған күнін атап өту. Биыл бұл шараның мәні арта түсті. Себебі, алғашқы ағартушының 180 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Жүгірушілер КЖБИ шағын ауданындағы жағажайдан Алтынсариннің кесенесіне дейінгі аумақты қамтиды. Жеңімпаздар медальдар мен мақтау грамоталарына ие болады. Марафонға қатысушы аға буын өкілдері мақсат медаль тағу емес, ұлт ұстазының орасан еңбегін ұрпаққа ұғындыру, - дейді. Мен бұл марафонға 2019-шы жылдан бері қатысып келемін. Әзірге, жүлдегер атанған жоқпын. Алайда, үміт үзбеймін. Бұйыртса, мүмкін бүгін жеңермін. Барлық қала тұрғындарын спортпен шұғылдануға шақырамын. Жаңашыл педагогтың 180 жылдығына арналған шара тек тарихи тұлғаны танытып қана қоймай, салауатты өмір сүру салтын насихаттап, шынықсаң - шымыр боласың деген қағиданы қаперге қондырғандай.

Тақырып бойынша материалдар

ТАНЫМАЛ ВЕЛОСАЯХАТШЫ ДӘМІР КУШЕЕВ ҚОСТАНАЙҒА ЖЕТТІ
11:18, 16 қараша 2021
ТАНЫМАЛ ВЕЛОСАЯХАТШЫ ДӘМІР КУШЕЕВ ҚОСТАНАЙҒА ЖЕТТІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 203 ТЕГІН СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕ АШЫЛДЫ
10:59, 15 қараша 2021
ОБЛЫСТА 203 ТЕГІН СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...