ШҰҒЫЛ! КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Толығырақ

СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10:18, 16 желтоқсан 2021

Қазақстан тәуелсіз ел атанып, еңсесін көтерген 30 жыл ішінде спортшылар талай белесті бағындырды. Түрлі әлемдік додаларда, Олимпиада ойындарында көк туымыз желбіреп, сан мәрте әнұранымыз шырқалды. Қазақ спортының әлеуеті арта түсті. Оған Қостанай облысының спортшылары да үлкен үлес қосты. Осыған байланысты, еліміздің басты мерекесі күні қазақ спортын дамыту жолында еңбек сіңіргендерді облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова марапаттады.

Қазақстанның, Тобыл өңірінің абыройын байрақты бәсекелерде көтеріп, жоғары нәтижелермен көзге түскен спортшыларды марапаттау жыл соңында өтетін дәстүрлі шара. Биыл ол ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырылды.Құрыш білекті палуандар мен шойын жұдырықты боксшылар, епті желаяқтар түрлі спорт өкілдерінің биылғы жетістіктері мол. Республикалық жарыстарда облыс намысын қорғап, халықаралық аренада еліміздің даңқын асырып жүрген спортшылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қазақ халқын құттықтады.Қазіргі таңда Ұлттық спорт түрлерін де қайта жандандырдық. Нақтырақ айтсақ ұлттық ойындардың 25 түрі қайта жаңғырды. Білім ошақтарында дене шынықтыру сабақтарында «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» сияқты ұлттық спорт түрлері міндетті компонент ретінде енгізілуде.«Қазақ күресі», «Саятшылық», «Асық ату» және «Тоғызқұмалақ» секілді ұлттық спорт түрлері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
17:25, 23 мамыр 2022
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
Толығырақ...
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
17:09, 23 мамыр 2022
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...