ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

«ШАХМАТ» КЛУБЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРДІ

16:13, 18 қазан 2021

Қостанайдағы «Шахмат» клубының атауы өзгерді. Енді ол «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» деп аталады. Сала мамандарының айтуынша, соңғы кезде Қостанайда шахматқа қызығушылық танытатын жасөспірімдер қатары көбейген. Сәйкесінше, ынталы өрендерге арнайы курстар мен дәрістер өткізу де жүйелі жолға қойылған. Әлрами Алдабергенов, шахматтан ҚР чемпионатының қола жүлдегері. Шахмат мектебіне 2010 жылы келген. Дегенмен 3-4 жасында ережелерден хабары болмаса да, досымен осы ойынға әуес болғандарын айтады. Қазіргі таңда клубта 8 топта 95 бала шахмат ойынынан сабақ алады. Араларында республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары да аз емес. Аталмыш мектептің шахматшылары осы жылы өткен Азия чемпионатына қатысып, жақсы нәтижелер көрсеткен. Жаттықтырушы мен мектептің қолдауын сезіну ойыншылар үшін маңызды дейді, шахмат метебінің оқытушысы. Клубта тек жас өрендер ғана емес, аптасына 2 рет үлкен кісілер де тегін жаттыға алады. Олар үшін арнайы шахмат турнирлері де ұйымдастырылып тұрады.

Тақырып бойынша материалдар

Б. ЖАҚЫПОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
12:07, 5 қаңтар 2022
Б. ЖАҚЫПОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
10:58, 19 қаңтар 2022
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...