ШҰҒЫЛ! ЖОСПАР ОРЫНДАЛМАҒАН КЕЙБІР ӨҢІРДЕ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕН Толығырақ

ОРТАЛЫҚ СТАДИОН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

09:40, 1 қазан 2021

Көп ұзамай Қостанай қаласының орталық стадионы жаңа кейіпке енеді. УЕФА-ның ең жоғары санаты төртінші деңгейге дейін көтеріледі. Осы арқылы стадионда барлық ірі халықаралық турнирлерді өткізуге болады.Ол үшін көгалдар жаңартылып, стадионның шығыс трибунасында ТВ-студия пайда болады. Бұл өзгерістің бір парасы ғана.

Орталық стадионда жөңдеу соңғы рет 2017 жылы болды. 4 жыл бұрын қасбеті жаңартылып, стадион ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, отыратын орындар саны артты, Биыл да жылы жұмыс аз болмайды. Стадионның көгалы жасанды жабынға алмастырылады.Стадион директорының айтуынша, табиғи жабынға қызмет көрсету экономикалық тұрғыдан қиынға түседі. Орталық стадионның шығыс трибунасында үш камералы пластикалық шыныдан жасалған панорамалық терезесі бар ТВ-студия пайда болады. Сондай-ақ, Батыс трибунаның бірінші қабатында vip-орындар қойылады. Стадионда ескі дәретханалар  Еуропалық үлгідегі түріне жаңартылады. УЕФА-ныңжоғары санатын алу үшін спорт нысаны сәйкес келуі керек белгілі бір критерийлер бар. Жөндеу аяқталғаннан кейін Орталық стадион барлық халықаралық турнирлерді қабылдай алады.Стадионда қоршаулармен бөлінген және поликарбонатты шатырмен қорғалған Лоджиялар қойылмақ. Сондай-ақ, жоғары жылдамдықты Интернетте пайда болады. Wi-fi желісі аренаның кез-келген нүктесінде қолжетімді болмақ. Барлық жұмыстарды 2022 жылдың маусым айында аяқтау жоспары тұр. Осы уақытқа дейін барлық ойындар "Тобыл Аренада"өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫТАУДАН ШЫҚҚАН ЖИҺАНКЕЗ ҚОСТАНАЙҒА ЖЕТТІ
12:38, 2 тамыз 2022
ҰЛЫТАУДАН ШЫҚҚАН ЖИҺАНКЕЗ ҚОСТАНАЙҒА ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:47, 5 тамыз 2022
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ТЕГІН ЖҮРЕ АЛАДЫ
12:47, 5 тамыз 2022
МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ТЕГІН ЖҮРЕ АЛАДЫ...
Толығырақ...