ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР

20:08, 19 наурыз 2021

Наурыз- молшылық пен игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі қарсаңында ұлттық мәдениет пен спорттың мәртебесі артатындығы шындық. Мәселен, күнделікті ойналмайтын асық, бұл күндері балалардың қолынан түспейді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетінде «Табыстың 7 қыры» тақырыбында шара өтті.Онда ұлттық спорт түрлері насихатталып, студенттерге табысқа жетудің жолдары айтылды.

Асық ойнаған азады ма? Жоқ. Себебі асық қазақ үшін қастерлі. Ол ептілікке, мергендікке, шапшандыққа, сергектікке баулиды. Бұл өз кезегінде денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Қазіргі таңда, асық ату ойынына қызығушылық танытқан балалардың қатары артуда. Солардың бірі -Төрежан Әбілғазин.
 

Мына тұрған велосипедтер Қостанай вело қауымдастығына тиесілі. Қоғамдық бірлестік өкілдері студенттерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат- өңірде велоспорттың дамуын жылдамдату.
 

Сондай-ақ, шара барысында «Табыстың  7 қыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның барысында студенттерге кәсіп ашудың қыр-сыры түсіндірілді. Ең белсенді қатысушылар марапатқа ие болды.
Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ДЖИУ-ДЖИТСУ: ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ
20:07, 12 сәуір 2021
ДЖИУ-ДЖИТСУ: ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ КИКБОКСШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ
20:24, 8 сәуір 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ КИКБОКСШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛ...
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ БАЛУАНДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 22 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
20:42, 6 сәуір 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ БАЛУАНДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 22 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...