ШҰҒЫЛ! КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Толығырақ

ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ДАМУДА

17:34, 20 желтоқсан 2021

Қарабалық спорттық-сауықтыру саябағында жаңа хоккей корты қолданысқа берілді. Көп жылдар бойы осы спорт түріне арналған алаңды қайта жаңарту мәселесі тұрғындарды алаңдатып жүрген еді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ол мәселе де өз шешімін тапты.

Қазірде Қарабалық ауданында 111ге жуық спорт нысандары бар. Биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен хоккей алаңы жаңартылды. Онда ескі қоршаулар пластикке ауыстырып,   қосымша жарықтандыру орнатылды. Бұл аудан тұрғындары үшін, кешкі уақытта да спорттың осы түрімен еш қиындықсыз айналысуларына мүмкіндік береді.

Аудандық жерлерде балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау- заман талабы.  Бұл жеткіншектердің бос уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді. Ауданда ашылып жатқан хоккей корты облыста бұқаралық спорт түрлеріне басымдылық беріліп жатқанын көрсетеді.

Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамытуда қолға алынған іс-шаралар көп. Ауыл жастарының  бос уақытын тиімді ұйымдастырып, көпшіліктің қысқы спорт түрлеріне деген  қызығушылығын ояту мақсатында бұл бағытта қолоға алынған жұмыстар жалғаса бермек.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
17:09, 23 мамыр 2022
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
17:25, 23 мамыр 2022
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
Толығырақ...