ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ СПОРТШЫ ИТАЛИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

20:47, 10 маусым 2021

Қазақстандық спортшы Малика Мұхтарова пара биден Италияда өткен Әлем Кубогында күміс жүлдеге ие болды.«Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірақ, шынымды айтсам, өзімнің қойылымыма 100 пайыз көңілім толмады. Бұл карантиннен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс, сондықтан бәрі әлі алда. Жарыста күтпеген жағдайлар болды, мысалы жұрт алдына шығар алдында көйлегімнің белбеуі жыртылып қалды. Оны паркетке шығар алдында ғана тікті. Арбам да сынып қала жаздады. Бірақ, біздің құрамамызға ешнәрсе кедергі келтіре алмайды», деп бөлісті ойын Малика.Бәсеке Генуя қаласында өтті. Онда Қазақстан намысын 4 спортшы қорғады. Әлем Кубогы 2022 жылы Кореяда өтетін әлем чемпионатына тікелей іріктеу болып саналады. Жарысқа әлемнің 12 елінен 300-ден астам спортшы қатысты.«Мен ешқандай наным-сенімге сенбеймін. Менің өмірлік ұраным: «Мен болмасам кім?» немесе «Менен басқа бұл мақсатқа кім жетеді». Пара би – мен үшін өзімді физикалық тұрғыда шыңдау, шыдамдылығымды тексеру, ал ең алдымен команданың бірлігі. Осының бәрі алға ұмтылуыма мотивация береді», дейді Малика Мұхтарова.Айта кетейік, төрешілер бригадасына Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, елордалық пара би мектебінің жаттықтырушысы Әлия Майданқызы шақырылды. Іріктеу Ұлттық паралимпиада комитетінің шешімімен және жеке комиссияның шешімімен өтті.

Тақырып бойынша материалдар

ТЕННИС: БУБЛИК ПЕН ГОЛУБЕВ РОЛАН ГАРРОС ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
14:38, 8 маусым 2021
ТЕННИС: БУБЛИК ПЕН ГОЛУБЕВ РОЛАН ГАРРОС ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...