ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ КИКБОКСШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ

20:24, 8 сәуір 2021

Семей қаласында кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Бұл додада қостанайлық спортшылар 5 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлдеге ие болды.

Жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан ұзын саны 200-ден астам спортшы қатысқан. командалық есепте Қостанай облысының құрамасы 2-орыннан көрінді. Өңір қоржынына жүлде салған спортшылар ішінен әйелдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде Ариза Сманова және 52 келіде Алина Төлегенова алтыннан алқа тағынды. Ал ерлер арасында Талғат Букбасов (54 келі), Мәди Тоқтаров (86 келі) және Темірлан Қабиев (91 келі) 1-орын жеңіп алды. Дидар Төлебаев (63,5 келі) мен Айбек Мұқашев (+91 келі) күміс медаль иеленді. Қола жүлде иегерлері – Азамат Бермұхамбетов (+91), Тимур Әлімжанов (54 келі), Дияр Қожақов, Жанат Саржанов (60 келіден) және Сапар Тұманов (75 келі).Айта кетейік, бұл спорт сынында командалық есепте 1-орынды Нұр-Сұлтан қаласы жеңіп алса, үздік үштікті Атырау облысы түйіндеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЖИУ-ДЖИТСУ: ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ
20:07, 12 сәуір 2021
ДЖИУ-ДЖИТСУ: ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...