
Кокшетауда еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бір аптаға созылған бәйгеде қостанайлық балуандар жеңіске жетті. Толығырақ.
16 жасар боз балуан Ескендір үшін бүгін ерекше күн. Грек-рим күресімен кәсіби түрде шұғылданбаса да аз уақытта биік белестерді бағындырған оның қанжығасында - 1 алтын медаль. Осындай чемпионаттар балаларымыздың күш-жігерін қайрап, одан да биік белестерге жетелейді, дейді Ескендірдің анасы.
Бозкілемде – қостанайлық балуандар. Есту қабілеті төмен спортшылар 10 салмақ бойынша сынға түсті. Көкшетау қаласында өткен чемпионатқа облыстан барлығы 14 жасөспірім қатысып, командалық есепте жүлделі орынға ие болды. Балуандар төрт 1 орын, 10 – күміс және 8 қола медальды олжалады. Барлығы – 22 жүлде. «Сурдолимпиадалық спорт түрлеріне қатысушылар саны көбейіп келеді», - дейді сала мамандары.
Есту қабілеті төмен спортшыларды қолдау, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған республикалық чемпионатқа келген 12 командадан еркін және грек-рим күресінен 140- қа жуық спортшылар қатысты.
Айта кетейік, бұл сайыс жазда Түркияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу сыны. Чемпионат нәтижесі бойынша жүлделі орын алған 2 қостанайлық балуан жазда әлем чемпионатында бақ сынасатын болады.
Гүлжан Жеңіс