ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

20:29, 4 ақпан 2020

Қостанайда еркін күрестен КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Матущакты еске алуға арналған 15 Республикалық турнир бастау алды. Байрақты бәсекеде Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 400 ге жуық балуан күш сынасуда. Жарыс ережесі бойынша чемпионат 3 күнге созылады. Осы және өзгеде спорт жаңалықтары толығырақ келесі бейнематериалда.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда. Осымен он бесінші  мәрте дәстүрлі түрде өткізіліп отырған жас балуандар додасында қатысушылар 10 түрлі салмақ дәрежесінде   өз өнерлерін ортаға салуда. Жарыста Сеитов Тағыберген,Сагинтаев Мәжит сынды халықаралық дәрежедегі белгілі төрешілер жиналды. Олар жарысқа қатысушыларды құттықтай келе, өңірде күрестің дамуына елеулі үлес қосқан КСРО -ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Матущак туралы лебіздерін  білдірді.

Сайыста белдескен  жас балуандардың ішінде облыстық, республикалық көлемдегі жүлдегерлер де болды. Солардың бірі Бекзат Каримжанов.Оның еркін күреспен  шұғылданып жүргеніне 10 жыл. Спорт шебері болмаса да, жеңісті қолдан берер қарсылас емес. Көп уақытын жаттығу залында өткізетін ол осындай еңбегінің арқасында көптеген дүбірлі додалардың жеңімпазы.

Бұндай турнирлер тасада қалған таланттарға таптырмас мүмкіндік екені рас. Жаттықтырушылар турнирде болашағанын үлкен үміт күттірер балуандарды іріктейді.Боз кілем бәсекесі үш күнге жалғасады. Ақтық сында өнер көрсеткен спортшылар тек жүлделер иеленіп қана қоймай, наурыз айында өтетін күрестен ҚР-ның чемпионатына жолдама алады.

Тақырып бойынша материалдар

ТОКИО ПАРАЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
10:09, 8 қыркүйек 2021
ТОКИО ПАРАЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПА...
Толығырақ...
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ИТАЛИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
20:33, 30 маусым 2021
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ИТАЛИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ СПОРТШЫ ИТАЛИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
20:47, 10 маусым 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ СПОРТШЫ ИТАЛИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ И...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...