ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ДЖИУ-ДЖИТСУ: ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

20:07, 12 сәуір 2021

Қостанайлық спортшы Рамазан Құсаинов Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Мұрат Бермұхамедов әлем біріншілігінде үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында Рамазан Құсаинов қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, әлемдегі ең үздік джитсер екенін көрсетті. 94 келіде сынға түскен жерлесіміз төрт белдесу өткізіп, барлығын айқын басымдылықпен ұтты. Алтын жүлде үшін белдесуде Өзбекстан елі спортшысының мысын басып, әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты 2020-ші жылы өтуі тиіс болған. Алайда, пандемияға байланысты биылғы жылға ауыстырылды. Абу-Дабиде өткен халықаралық додада ел намысын қорғау үшін Қостанай облысынан 5 спортшы қатысты. Олардың екуі үздік үштіктің қатарынан көрінсе, қалған үш спортшымызға финалдық бәсекеге шығу үшін сәттілік жетіспеді. Ал джиу-джитсудан Қостанай облысының бас бапкері Мұрат Бермұхамедов аталмыш жарыста қола жүлдегер атанды.
 

Айта кетейік,джиу-джитсу, шығыс халықтарының жекпе-жек спорт  түрлерінің негізін қалаған жапондықтардың дәстүрлі, ұлттық күресі. Джиу.-джитсудың ерекшелігі шабуыл жасаған қарсыласына дүлей қара күшті қолданбай, оның шабуылшының бағытын өзгертуге, тепе-теңдік қалпынан айыруға содан кейін барып әдіс қолдануға немесе соғуға болатындығында. Соңғы жылдары осы спорт түрімен айналсып жүрген қостанайлық жастардың саны еселенуде.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚ КИКБОКСШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ
20:24, 8 сәуір 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ КИКБОКСШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...