ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

БАЛАЛАР СПОРТПЕН ТЕГІН АЙНАЛЫСАДЫ

20:45, 10 маусым 2021

Балаңыз қай спорт түрімен айналысады және оған қатысты шығындарды қалтаңыз көтере ме? Соңғы жылдары көпшілік арасында осы мәселе жиі көтеріле бастады. Осы мәселені назарға алған мемлекет басшысы өз жолдауында «Балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысу керек» деп мәдениет және спорт министрлігіне тапсырма берді. Бүгінде Президенттің тапсырмасы өңірімізде толығымен орындалды.

Ағымдағы жылдың 1-ші мамырында «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енді. Бұл бұрын ақылы негізде болған барлық балалар үйірмелері  тегін болады дегенді білдіреді. Енді спорт клубтарындағы сабақтардың ақысын мемлекет өзі төлейді. Бұл өз кезегінде ата-аналарға біраз демеу болмақ.
 

Бүгінгі таңда облыс көлемінде балаларға арналған 172 ақылы спорт үйірмесі жұмыс істейді. Мемлекеттік тапсырысқа осындай ақылы үйірмелерді басқаратын кез-келген жаттықтырушы қатыса алады. Бұл жобаны іске асыруға бюджеттен 200 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.
 

2021 жылға арналған бір балаға арналған бір күндік тарифітің құны мынадай: баскетбол, бокс, волейбол, футбол, спорттық би үйірмелеріне - 1257 теңге; каратэ, күрес, дзюдо үйірмесіне- 1221 теңге; ауыр атлетика және пауэрлифтинг сүйірмелеріне - 1347 теңге болса, шахматтікі - 1167 теңге. Ата-аналар artport ақпараттық порталы арқылы балаларын спорттық үйірмелерге тіркеу үшін өтініш бере алады.


Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚ СПОРТШЫ ИТАЛИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
20:47, 10 маусым 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ СПОРТШЫ ИТАЛИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ И...
Толығырақ...
ТЕННИС: БУБЛИК ПЕН ГОЛУБЕВ РОЛАН ГАРРОС ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
14:38, 8 маусым 2021
ТЕННИС: БУБЛИК ПЕН ГОЛУБЕВ РОЛАН ГАРРОС ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...