ШҰҒЫЛ! КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Толығырақ

Б. ЖАҚЫПОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

12:07, 5 қаңтар 2022

Жалпақ жұрттың жадында жақсы адам, өз ісінің хас шебері ретінде сақталып қалған мемлекет қайраткері Базыл Шамұханұлы Жақыповты еске алуға арналған волейбол турнирі осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі шара аз уақыт аралығында облыстық деңгейдегі доп додасына айналып үлгерді. Бұл жарыс арқылы өңір тұрғындары Базыл ағамызға деген өздерінің сағыныштары мен зор құрметтерін көрсете білсе керек-ті.

Aуыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар мен оны пайдалануды реттеу, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелеріне жетекшілік еткен мемлекет қайраткері көзі тірісінде спорттың дәл осы түрін жақсы меңгергені туралы айтылды жиында.

Доп додасын ұйымдастыруға Базыл Шамұханұлының досы, жеке кәсіпкер Марат Ахметов мұрындық болған әрі демеушілік еткен. Ол осы жарыс арқылы ардақты азаматты еске алумен қатар бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуды мақсат еткенін айтады.

Жарысқа алы-жақын аудандардан барлығы 6 команда қатысты. Спортшылардың бәрі Базыл ағамызды тек жақсы қырынан таныған әріптестері және замандастары. Ел үшін еңбек еткен ер есімі ешқашан естен кетпесі анық. Ұйымдастырылған шара - соның айқын дәлелі.       

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
17:09, 23 мамыр 2022
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
17:25, 23 мамыр 2022
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
Толығырақ...