ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

АУЫЛ АЗАМАТТАРЫ ЖАСТАРҒА СПОРТЗАЛ АШЫП БЕРДІ

20:15, 5 сәуір 2021

Бейімбет Майлин ауданына қарасты Вальерянов ауылының балалары енді өз спорт ғимаратында жаттығады. Бұл Қостанай облысындағы осы елді мекеннің қайырымды азаматтарының өскелең ұрпаққа жасаған сыйы. Ауылда өсіп-өнген олар бірігіп, білім ордасының жанынан спортзал ашып берген.

Вальерянов орта мектебінің қабырғасы 1958-ші қаланған. Білім ордасының құрылысын жобалау кезіңде спортзал болмаған. Содан бері бұл мектептің оқушылары дене шынықтыру сабағын қыс мезгілінде кең көлемде өткізе алмаған. Енді бұл мәселе келмеске кетіп, жылдың 4 мезгілінде де оқушылар заманға сай спортзалда шынығатын болады.
 

Сонымен қатар, оқушылар үшін арнайы киім ауыстыру бөлмесі де салынған. Бұл мақсатқа қайырымды азаматтардың есебінен 550 мың теңге бөлінді.
 

Айта кетейік, бұл спортзалда кешке ауыл балаларына арналған үйірмелер жұмыс істейтін болады. Атап айтсақ, волейбол, баскетбол және футболдан өз біліктіліктерін шыңдамақ. Жуырда арнайы сайыстарды ұйымдастыру да жоспарда бар, дейді ауданның спорт саласына жауаптылар.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ДЖИУ-ДЖИТСУ: ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ
20:07, 12 сәуір 2021
ДЖИУ-ДЖИТСУ: ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ КИКБОКСШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ
20:24, 8 сәуір 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ КИКБОКСШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛ...
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ БАЛУАНДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 22 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
20:42, 6 сәуір 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ БАЛУАНДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 22 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...