ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

АУЛА КЛУБТАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

20:30, 2 маусым 2020

Аймағымызда карантин ережелері жеңілдетіліп, біршама мекемелер өз жұмысын қайта бастағанымен, жазғы демалыс лагерлеріне әлі рұқсат жоқ. Десе де қаламызда 5 мыңнан астам баланы қамтитын 21 аула клубы жұмыс істеуде. Онда оқушылар бірнеше тілде жүргізілетін үйірмелер мен әртүрлі спорттық секцияларға қатысады.

Ернұр Орынбаев жетінші сынып оқушысы. Аула клубына бірнеше жылдан бері қатысатынын айтады. Ойын баласы жазғы демалысқа шыққаннан бастап осында күнделікті бос уақытын тиімді өткізуде. Достарының қатары көбейген. Бірнеше спорт түрлерін меңгерген.

Қостанайда бұндай аула клубтарының қатары жылма жыл артып отыр. Жазғы лагерьге баруға мүмкіндігі жоқ балақайлар осында әртүрлі үйірмелерге қатысады. Клубтардың саны облыс орталығында 20-ға жуық. Жаз мезгілінде 5 мыңнан астам баланы қабылдайды.

Аула клубтары кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істейді. Күні бойы жұмыста болатын ата-аналар бұның ыңғайлы екенін атап өтуде. Балалар да күні бойы қараусыз қалмайды, әрі пайдалы нәрселерді үйренеді.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА МҰЗ САРАЙЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
20:22, 28 қыркүйек 2020
ҚОСТАНАЙДА МҰЗ САРАЙЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...