ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

09:05, 14 қыркүйек 2021

Облыс әкімдігінің аппарат кеңесінде 2021-2022-ші жылдарға арналған кезекті жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды. Жауапты сала мамандарына «қыс қыр астында» екендігін ескерткен өңір басшысы маңызды маусым қарсаңында босаңсуға болмайтынын, тиісті міндеттерді мінсіз орындау керектігін айтты.

Облыс көлемінде жылыту маусымына дайындық шаралары алдын ала әзірленген бағдарлама жоспары бойынша іске асырылып келеді. Облыстағы жылу желілерінің 15,6 шақырымы жөндеуден өткізіліп, қазандықтардың 95 проценті жылу таратуға тас-түйін әзір тұр. Әдеттегідей, жылу әуелі әлеуметтік нысандарға беріледі

Қысқа бюджеттік ұйымдар есебінен сатып алынған көмір көлемі – 8,7 мың тонна. Бұл нысандардың қатты отынмен қамтылуы тұрғысында жылдық жоспардың 91 процентін құрайды екен. Коммуналдық кәсіпорындар әзірлеген көмір - 11,5 мың тонна шамасында. Тұрғындарға әзірленген қатты отын 217 мың тоннадан асады. Тұтынушылар «Шұбаркөл» маркалы көмірдің 1 тоннасын орташа есеппен 14 мың 800 теңгеге, «Богатырь»көмірін – 11 мың 500 теңгеге, Қарағандыдан әкелінетін қатты отынды – 15 мың 500 теңгеге сатып ала алады.

Бейнебайланыс арқылы өрбіген басқосу барысында басқарма басшысы Арқалық қаласындағы ЖЭО-да құрылыс жұмыстарының қызу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Нысан ағымдағы жылдың қазан айында іске қосылады деп күтілуде. Қысқасы, Қостанай облысы бойынша жылыту маусымы қарсаңындағы дайындық шаралары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Жоспар жүз пайыз орындалса, 20 шақты күннен соң жылу бере бастаймыз дегенді  айтты аймақ басшысы. 

Тақырып бойынша материалдар

" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
09:47, 23 қыркүйек 2021
" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
Толығырақ...
 ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
09:40, 23 қыркүйек 2021
ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
Толығырақ...
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
09:09, 22 қыркүйек 2021
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...