ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

ЖОО-НА ҚҰЖАТТАР ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ҚАБЫЛДАНАДЫ

20:40, 27 шілде 2021

1-ші тамыздан бастап өңірдің ЖОО-ы құжаттарды онлайн режимде қабылдауды бастайды. Талапкерлер мен олардың ата-анасының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Бейнебайланыс арқылы оқуға түсушілерге кеңес беріледі. Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электронды көшірмелерін және электронды құжат нысанындағы көлемі 3×4 сандық фотосуретті, басқа да құжаттардың көшірмелерін тапсыруы қажет. Толығырақ.

Мамандық пен оқу орнын таңдау – бұл әрбір түлек үшін өте маңызды әрі жауапкершілігі мол шешім. Ал, нақты таңдау жасалған болса, үміткерлер жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсу үшін құжаттарды www.egov.kz электрондық үкімет порталының білім бөлімі арқылы да тапсыра алады дейді сала мамандары.

Білім гранты бойынша өтінім берілген жағдайда, ЖОО түсу туралы хабарлама өтінім берушінің порталдағы жеке кабинетіне үш жұмыс күні ішінде түседі екен.Егер талапкер ақылы негізде түсетін болса, онда үш жұмыс күні ішінде өтінім берушіге мерзімі мен оқу ақысының сомасы көрсетілген төлемді жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама түседі.Көрсетілген уақытта талапкер құжаттардың түпнұсқаларымен төлемді жүргізуі тиіс, әйтпесе өтініштен бас тартылады дейді мамандар.

Айта кетейік, білім беру жүйесінде 67 қызмет электронды түрде қолжетімді. Егер талапкер "Алтын белгі" иегері немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталса, олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанса, басқа үміткерлермен балы тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады дейді мамандар.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
09:47, 23 қыркүйек 2021
" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
Толығырақ...
 ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
09:40, 23 қыркүйек 2021
ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
Толығырақ...
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
09:09, 22 қыркүйек 2021
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...