ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖОЛ АПАТЫНАН 3 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

10:39, 22 қазан 2021

Алтынсарин ауданында ірі жол - көлік апаты болып, үш адам зардап шекті. Олардың арасында бала бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, «NissanLargo» маркалы автокөлік иесі рульді игере алмай, жолдан ұшып кеткен. Алтынсарин ауданы Б.ольшая Чураковка – Приозёрное аудандық маңызы бар тасжолда аударылып қалған. Құтқарушылар келген кезде оқиға орнында жедел жәрдем жұмыс істеп жатқан. Көлікте 4 зардап шегуші болды, олардың бірі 2013 жылғы бала. Құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен оны сынған терезеден шығарып алып, жол-жөнекей көлікке салып, Алтынсарин аудандық ауруханасына жеткізді. Жол-көлік оқиғасы болған жерден ауыр жарақат алған басқа да зардап шегушілер емханаға жеткізілді. «2000 жылғы жас жігіттің кеудесі мен тізесі жарақаттанған. 1981 жылғы ер адамның қабырғасы сынып, қолы тілініп кеткен. 1979 жылғы РФ азаматшасының іші жарақаттанып, қабырғасы сынған. Үшеуі де дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары тұрақты», - деді департаменттен.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...