ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:25, 9 маусым 2021

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында жергілікті атқарушы органдардың орындаушылық және атқарушылық тәртібі талқыланды. Жоғары басшылық тапсырмаларын уақытында әрі сапалы орындау барысы туралы облыс әкімі аппаратының жетекшісі Эльдар Күзенбаев баяндады.

Облыс әкімі аппаратында тапсырмалардың орындалуын қадағалау Мемлекет басшысы, Президент әкімшілігі, Үкімет және сол облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асады. Жоғары басшылық жүктеген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын бақылау мемлекеттік органның негізгі міндеттерінің бірі. 2019 жылмен салыстырғанда бақылауға алынған тапсырмалар саны биыл біршама артқан.

Өткен жылы жалпы 4 мыңға жуық тапсырма орындалса, ағымдағы жылдың 6 айында облыс аппаратында 2 мыңға жуығы бақылауға алынған. Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдардың атқарушылық тәртібі жоғары дәрежеде болу керектігін айтты.

Атқарушылық тәртіптің ақсауы, облыстың республика көлеміндегі көрсеткішіне тікелей әсер етпек. Облыс басшысы әкім орынбасарлары мен басқарма басшыларына басшылық жүктеген міндеттердің дер кезінде орындалуын жіті назарға алу керектігін тапсырды.

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...