ШҰҒЫЛ! КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Толығырақ

ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

10:48, 19 қаңтар 2022

Қазақстанда ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 5 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 19 қаңтарға дейінгі кезеңде мүгедектікті қайта куәландыру мерзімі басталған азаматтар үшін мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлеу автоматты түрде ұзартылды. Аталған шара 11 411 мүгедектігі бар адамды қамтиды.

Сондай-ақ, төлемдерді ұзарту мүгедек балаларға және I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын 3 089 адамды қамтиды. Қазақстанда 2021 жылғы 5 желтоқсаннан бастап ағымдағы жылғы 19 қаңтарға дейінгі кезеңде кәмелетке толған кембағал балаларға күтім жасауды жүзеге асыратын 373 жәрдемақы алушы бар. Бұдан басқа, базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құқығы бар және төлемдерді тағайындауға уақытында өтініш жасап үлгермеген азаматтарға Еңбек министрлігі ТЖ режимі қолданылатын кезеңде және ол аяқталғаннан кейін бір ай ішінде өтініш беру мүмкіндігін берді. Көрсетілген төлемдерді тағайындау тағайындау үшін негіздер туындаған күннен бастап жүзеге асырылатын болады. Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылы да төтенше жағдай режимі мен шектеу шаралары кезеңінде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға құқығы бар тұлғаларға қажетті құжаттардың скан-көшірмелерін қоса бере отырып, электронды үкімет порталындағы электрондық өтініштер сервисі арқылы өтініш беру мүмкіндігі берілген болатын.

Тақырып бойынша материалдар

КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
12:19, 26 мамыр 2022
КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
12:18, 26 мамыр 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
17:09, 23 мамыр 2022
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
17:25, 23 мамыр 2022
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
Толығырақ...