ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ

20:37, 15 сәуір 2021

«Парасат жолы» - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәрбие беру және халық арасында парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне алуан түрлі мақсатты топтарды тартуда жаңа тәсілдерді көрсететін жоба. Қостанай облысына жұмыс сапары аясында қоғам қайраткері, республикалық орталығының төрағасы Сәдібек Түгел Әулиекөл ауданында басқосу өткізді.

Сыбайлас жемқорлық - кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканы, инвестиция тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді. Біздің ел жүргізетін саясаттың негізгі басымдықтарының бірі де осы – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Осы орайда түрлі жобалар жүзеге асырылуда.

Клуб отырысына сан түрлі сала өкілдері мен ауданның интеллигенциясы қатысты. «Парасат жолы» жобасының үйлестірушісі әрі Төрағаның кеңесшісі Жазира Жылқышиева бүгінгі таңда зиялы қауым өкілдері келешек ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бастамашы болуда. Сондықтан бұл институт өңірдің әрбір тұрғынына оң әсер етеді деген пікір білдірді. 

Қазіргі күні Қостанай облысы бойынша «Парасат жолы» жобасы өңірдің көптеген кітапханаларының базасында жұмыс істейді. Жоба ұйымдастырушылары халық арасында парасаттылық қағидаттарын кеңінен қамтуға, жаппай таратуға күш салып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...