ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ

10:31, 25 қараша 2021

Қостанайда жеке үйдегі өрт кезінде зардап шеккен 7 жастағы қыз бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қостанайда 24 қарашада сағат 17:20-де Путейская көшесіндегі жеке үйде өрт шыққаны хабарланған. 14 минуттан соң өрт сөндірушілер 6 пәтерлі кірпіш үйге жетті. Ондағы пәтердің бірі өртенген, өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

«Өрт жалпы 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру кезінде 4 тұрғын эвакуацияланып, жедел жәрдемге берілген. Қалалық ауруханаға 44 жастағы әйел жеткізілді. Денесінің 80-88 пайызын 3-ш дәрежелі күйік шалған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның 46 жастағы күйеуінің беті мен қолы күйіп қалған. Дәрігерлер қарап оны үйіне жіберді. Осы отбасының жеті жастағы қызы ауруханаға жетіп үлгермей жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп мәлім етті ТЖД өкілі. Өрт сөндірушілер көрші пәтердегі тағы да бір 8 жастағы баланы тауып, құтқарды. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпеді. Өрттің қайдан, қалай шыққанын зертхана анықтайды. Өрт сағат 18:23-де толық сөндірілді. Оның сөндіруге 26 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...