ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

20:32, 13 шілде 2021

2005 жылы Елбасы алғаш рет қазақстандық жастарды жаппай көгалдандыруға тарту идеясын жариялады. Осылайша "Жасыл ел"жастар еңбек жасақтары пайда болды. Мақсат тек қоршаған ортаны сақтау емес, сонымен қатар жастарды еңбекке баулу. Биыл облыста осы бағдарлама бойынша 1000-артық жалынды жасты жазғы жұмыспен қамту жоспарланған.

Елімізді жасыл желекке айналдыруды мақсат  еткен «Жасыл ел»  біршама жастардың жігер-қуатын бір арнаға тоғыстырып келеді. Бағдарлама табиғатты қорғаумен ғана шектелмей, жастарды еңбекке тартумен тиімді. Қазір Қостанай облысының барлық қала, аудандарында осы бағыттағы жұмыстар басталып кетті.

Аталмыш бағдарлама аясында жұмысқа тартылған жастар қазір қала көшелерін тазалап, тас жол жиектерін әктеп, сырлау сияқты іс барысында белсенділік көрсетуде. Сондай-ақ олар өздеріне жаңа достар тауып, ерте кезден ұжымдық еңбекке бейімделуде.

«Жасыл ел» «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығын өскелең ұрпаққа ұғындырып, олардың жазғы демалыстарын бос еткізбеуге септігін тигізіп отыр. Маңдай терін төгіп, еңбектің қадірін түсіне жүріп, қосымша қаржы табуға мол мүмкіндік беріп келеді.

 

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ "ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ"
10:14, 16 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ "ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ"
Толығырақ...
«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
09:58, 16 қыркүйек 2021
«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...