ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ

10:15, 25 қараша 2021

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орындары түлектері үшін «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасын кезекті рет іске асырды. Бұл жолы департамент өкілдері А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті қабырғасында білім алып жатқан болашақ түлектермен кездесу өткізді.

«Мемлекеттік қызмет мектебі» - университеттен немесе колледжден соң болашақ мемлекеттік қызметші болуды армандайтын жастарға арналған жоба. Оның аясында оқу бітіргелі жатқан жастар мемлекеттік басқару негіздерін үйренеді, кәсіби құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқудан, түрлі тренингтерден, сондай-ақ мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтедМектеп жұмысының басты екі бағыты бар. Алдымен, мемлекеттік қызметке кіру үшін жастардың қажетті білімі мен жеке қасиеттер кеңейтіледі. Содан соң студенттердің өз мамандықтары бойынша мемлекеттік мекемелерде тағылымдамадан өтуі де қамтамасыз етіледі. Кездесуде түйген ойларымен жастар бөлісті.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 кіші жоба айқындалған еді. Солардың бірі «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын үйлестіру ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тапсырылған болатын.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...