ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

09:38, 19 қазан 2021

«Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан». Осындай атауымен Қостанайда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жастар форумы өтті. Жылдан-жылға жалғасын тауып келе жатқан жиында аймақ жастарының атқарылған жүйелі жұмыстары қорытындыланып, болашаққа жоспар құрылды. Сондай-ақ, форум барысында түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жалынды жастар алғыс хаттармен марапатталды. Дастан Қалиев тәуелсіздіктің төл құрдасы. «Дипломмен ауылға» жобасының жемісін көрген жас маман. Қолына дипломы тиісімен, туған ауылына жол тартып, жұмысқа орналасқан. Жастарды қолдауда мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты мол екенін айтады. Астықты аймақта мемлекеттік бағдарлама арқылы бір мыңнан астам маманға биыл қолдау көрсетілген. Олардың 35 пайызы тұрғын үймен қамтылды. «Жастар практикасы», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жұмыссыздықты төмендетуде нәтиже беруде. Тобыл топырағында бүгінде 14 пен 29 жас аралығында 157 мыңдай азамат мекен етеді. Бұл жалпы тұрғындар санының 30 пайызы. Еліміздің қарқынды дамуы кейінгі толқынның тындырар тірлігіне тікелей баланысты. Аймақтың дамуына да осы жастардың қосар үлестері қомақты. Елді өркендету үшін атқарылар шаруа әлі шаш етектен. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар өздеріне үлкен сенім артылатынын жақсы түсінеді. Алдағы уақытта жоспарланған ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін алға тартты. Ең белсенділер форум соңында марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...