Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды. Аталған жиынтықтың 7-ші тармағында Елбасы жастардың өзін-өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік мол, деді. Бұл тұрғыда өңір жастары нәтижелі жұмыс атқарып, еліміздің гүлденуіне бар күш-жігерлерін аямайтындарын жеткізді.
Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті. Елбасыдай білікті басшының, оның ізінен ере білген білімді үзеңгілестерінің арқасында еліміз экономика, саясат, халқының әлеуеті, елінің біртұтастығы жағынан оқ бойы озық тұр.
Тақырып бойынша материалдар
12:06, 9 тамыз 2022
ЖОСПАР ОРЫНДАЛМАҒАН КЕЙБІР ӨҢІРДЕ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫН...