ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

«ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ ЖЫЛДАР» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

09:25, 11 қазан 2021

«Жасампаздыққа толы жылдар». Облыста осындай атаумен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тұжырымдама бекітілген болатын. Оның аясында биыл 63 инфрақұрылымдық жоба іске қосылып, 15 жаңа кәсіпорын ашылды. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен кеңейтілген жиында айтылды. Ұлық мерекеге орай тағы қандай іс-шаралар өтеді? Толығырақ тілші материалында. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің бекітілген жоспарына сәйкес 9 айдың қорытындысы бойынша 155 мыңға жуық адам қамтылып, 6329 мәдени-бұқаралық, спорттық, имидждік іс-шаралар өткізілді. Еліміздің мерейтойына тарту ретінде 63 ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған. Бүгінде олардың 26-ы, яғни 41,3% іске қосылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, биыл Жангелдин ауданында Ақкөл мен Қарасу ауылдарының арасында Ұлы Жыланшық көпірі ашылды. Сондай-ақ, Қостанайда 120 пәтердің кілті салтанатты түрде табысталып, Қарасу ауданында жаңа мектеп салынды. Рудный, Ұзынкөл, Жітіқара, Жангелдин аудандарында жаңа спорт кешендері бой көтерді. Республикада алғашқы болып Қостанай облысы «Qazaqstan30 Open Fest Qostanai» фестивалін өткізді. 9 айда атқарылған нақты істерге көз жүгіртіп, қорытынды жасаған облыс әкімі жоспарланған шараларды тағы бір пысықтап, оларды бір жүйеге келтіру керектігін атап өтті.Тәуелсіздіктің 29-шы жылы күрделі, қиын әрі ерекше болды. Жаһандық дағдырысты еңсерген мемлекетіміз зор мақсаттар мен міндеттерді көздейді. 30 жылда Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасында еркін көсілген Ұлы дала елін жаһан жұрты таныды. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Сондықтан, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» жоспарланған іс-шараларды уақтылы аяқтауымыз керек, деді өңір басшысы.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 706 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ӨТТІ
12:48, 26 қазан 2021
ОБЛЫСТА 706 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУЫҚ СУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 34 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
11:09, 25 қазан 2021
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУЫҚ СУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 34 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
11:07, 25 қазан 2021
«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...