ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 11 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

10:41, 19 қараша 2021

Қостанай облысының оңтүстік аумағында орналасқан Жангелдин ауданында да биыл экономикалық және әлеуметтік салада өсім байқалады. Оны аудан әкімі брифингте сандармен дәлелдеп берді. Мәселен, мал шаруашылығына қолайлы ауданда төрт түліктің өсімі байқалады. Нәтижесінде мал шаруашылығы саласында 10 айдың ішінде 11 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

Жангелдин ауданы  экономикасының негізгі капиталына биыл 1 млрд. 645 млн. теңге инвестиция тартылды.10 айдың ішінде аудан бойынша 237 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Жалпы аудан экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі жыл сайын артуда. Қазіргі уақытта 511 бизнес субъектілерінде  756 адам жұмыспен қамтылған. Бұл экономикалық белсенді халық санының 11,6 пайызын құрайды.

Аудан экономикасының негізгі саласы, стратегиялық маңызды  бағыты – ауылшаруашылық өндірісінде 2021 жылдың 10 айында 16 млрд.  261 млн. теңгенің өнімі өндірілді. 2021 жылы барлығы – 27851 га жерге егін себілді. Оның ішінде 23 851 гектар бидай, 1000 гектар арпа,  3000 гектар майлы дақыл бар.

Малдың санының өсуіне «Сыбаға», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының оң септігі тиюде. Яғни  «Шағын несие беруді көбейту» бастамасы ел іші­нен қолдау тауып, нәтиже берген.Сонымен қатар шаруашылық ашам деген азаматтарға жыл сайын конкурс арқылы жер қорынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері беріліп келетінін айтты аудан басшысы.
2021 жылы  ауданда «Жұмыспен қамтудын жол картасы», «Ауыл Ел бесігі» бағдарламалары аясында бірнеше нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Мәселен, Аққөл, Ахмет Байтұрсынұлы ауылдарына таза ауыз су тарту жұмыстары жүргізілді.. Жоба құны 625 млн теңгені құрады. Жалпы бүгінгі күні аудан халқының 85 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.
Ауданның инфрақұрылымын жаңартуға да жыл сайын мән беріліп келеді. Оған дәлел, ағымдағы жылы «Шұбалаң-Көкалат» аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарын кезен-кезенмен жүргізу үшін «Алюминстрой» ЖШС 1 млрд. 815 млн. теңгеге шарт жасалынған. 2019 жылдан басталған жоба 2022 жылы толық аяқталатын болады. Барлығы 39 шақырым жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Торғай ауылының Алтынсарин, Қожмұхамбетов көшелеріне 102 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...