
Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылының халқы қуанышқа кенелді. Олардың көптен бергі тілегі қабыл болып, елді-мекенде жаңа мешіт бой көтерді. Ашылу салтанатына облыстық мешіт өкілдері, ауыл әкімі сондай-ақ мешітті тұрғызуға қол ұшын берген азаматтар мен жергілікті тұрғындар қатысты.