ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

20:21, 14 сәуір 2021

«Послесоветский поиск истины». Осындай атаумен профессор, әлеуметтану ғылымдарының докторы, қостанайлық қаламгер Сергей Харченконың жаңа кітабы жарық көрді. Жинақта негізінен тілшінің саяси тақырыптағы сұхбаттары топтастырылған.

Кітаптың құрылымына келсек, ретіне қарай бірнеше тарауға бөлінген. Кіріспесіне кеңестік кезеңнің соңғы кездеріндегі қолжазбаларды қойған.  Кітаптың негізгі экзпозициясы екінші тараудан басталады. Кітаптағы оқиғаның өрбуі үшін үнемі белгілі бір проблема қозғалып барып, соның түйінін шешіп, күрмеуін ағыту қажет. Қостанайлық қаламгер 2-ші тарауында  кейбір мәселелерде бұрмалаушылықтар мен қате ақпараттардың тарағанына күйініп, ақиқатын ашуға бел буған.
 

Айта кетейік, кітап таралымы – 2000 дана. Қаламгер өз кітабында архивтік, эпистолярлық құжаттар мен артефактілерді, эпиграфикалық, этнографиялық деректерді, қолхаттарды, дәлелді дәйектер  мен мол мұрағат қорларын шебер қолдана білген. Тіпті, кейбір заттардың сақталған төлем чегін де жөні мен жолына қарай  жүйелеп, хронологиялық тәртіппен, сілтемесін келтірген. Ендеше, ащы шындық сипатталған  кітап  бірден жұртшылықтың назарына ілігіп, оқырманды баурап алар елеулі еңбекке айналатыны cөзсіз.
 

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...