ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ЖАҢА ҚАУЛЫ: «ASHYQ» ЖОБАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

20:54, 28 сәуір 2021

Өңірде кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа Қаулы шығарды. «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану және Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын анықтауға мүмкіндік береді. Құжатқа сәйкес қандай кәсіпкерлік нысандар "Ashyq" пилоттық жобасын жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс? Толығырақ тілші бейнематериалында.

Кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау. Кәсіпкерлік нысандарында аурудың таралу ошағын болдырмау және келушілерге қолайлы орта қалыптастыру. Бұл - бүгіннен бастап  №14- ші Қаулыға сәйкес күшіне енген «Ashyq» жобасының басты мақсаты. Айта кетейік, «Ashyq» жобасы алғаш болып еліміздің ірі қалаларында қаңтар айынан бастап пилоттық жоба негізінде енгізілді. Тесттік жүйеден сәтті өткен жоба енді біздің өңірде де қолданысқа енді. Аймақта қосымшаны пайдалануға компютерлік клубтар, бассейндер, кинотеатрлар өтініш беріп, карантиндік талаптарды сақтай отырып жұмыс жасай алады», деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары.

«Ashyq» – қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу қосымшасы. Келушілер QR кодты сканерлеп, әкімшіге көрсетеді. Код тұрғынның статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және Денсаулық министрлігі жанындағы covid-19 бақылау орталығының ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады. Тиісінше, 4 түс негізінде бағдарлама арнайы шешім қабылдайды. Мәселен «Қызыл» түс – үйде оқшаулану режимін білдірсе, «Сары» түсте тек дәріхана мен дүкенге рұқсат етіледі. Ал «Көк» пен «Жасыл» түстегі статус иелеріне қоғамдық орындарда емін-еркін жүріп тұруына болады.

Кәсіпкерлер «Ashyq» жобасына қатысу үшін InfoKazahstan.kz сайтына өтініш бере алады немес кәсіпкерлер палатасына жүгінуіне болады. Жоба мақұлданған сәттен бастап, 1 апта сынақ режимінде жұмыс істеп көруге мүмкіндік бар. Ал тұрғындар қосымшаны интернет желісінен жүктеп алуларына болады.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...