ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖАҢА БАҒДАРШАМДАР ОРНАТЫЛМАҚ

20:36, 27 мамыр 2020

Қостанайда дыбысты бағдаршамдар орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл олардың саны тағы 14-ке артпақ. Көбі орталық көшелердің қиылыстарында болады. Бұл әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруын оңайлатады. Жалпы жоба қолға алынғаннан бері қала бойынша осындай жүзден астам құрылғы орнатылған.

Жасыл түс. Өте беріңіз. Көзі нашар көретін кісілер үшін өте ыңғайлы. Орталық көшелерде бұндай бағдаршамдар осыдан бірнеше жыл бұрын орнатыла бастаған еді. Құрылғының жұмысына оң баға берген тұрғындар олардың санын арттыру туралы тілектерін жеткізген билікке. Содан бері арнайы жоба әзірленіп, бүгінде қала көшелерінің көбінде осындай бағдаршам пайда болды.

Облыс орталығында ерекше бағдаршамдар алғаш рет 2013 жылы орнатылды. 3 жылдық келісімшарт аясында жобаны іске асыруға 75 млн теңге қаражат бөлінген.

Мамандар дыбысты бағдаршамдар жол тәртібін ретке келтіру үшін қолайлы екенін айтуда. Яғни, жаяу жүргінші қозғалысты жалғастыру немесе тоқтату қажеттігін алдын ала есептей алады. Келесі жылы тағы да бірнеше көше қиылысындағы бағдаршамдар заманауи үлгілермен ауыстырылмақ. Оларды жаңарту жұмыстарына қажетті қаражат бөлінеді, дейді Станислав Лобанский.

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
20:30, 15 шілде 2020
АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:30, 10 шілде 2020
ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...