ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ

10:14, 25 қараша 2021

Президент Жолдауында көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою туралы нақты тапсырма берілген болатын. Осы ретте, Үкімет "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заң жобасын қабылдады. Соған қарамастан, соңғы жылдары елімізде «жалған банкроттық» жариялайтын кәсіпорындар азаяр емес. Дәл осы алаңдатарлық ахуал «банкроттық үдеріс» мәселесі облыстық Экономикалық тергеу департаментінде өткен алқалы жиында талқыланды. Өздерін «банкротпыз» деп жариялаған кәсіпорындардың қаражаттары мақсатты жұмсалды ма? Қолданған шаралар қандай? Толығырақ тілші материалында.

Өткен жылы ел көлемінде 100-ден аса кәсіпорын өздерін «банкрот» деп жариялаған. Олардың жартысынан көбінің жалған банкроттық белгілерін анықтау үшін, тексеріс жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 40 кәсіпорын заңға қайшы әрекет жасаған. Қазіргі таңда 18 іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, қалған мекемелердің әрекеті зерттелуде. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындардың қызметінде ашықтық пен жариялылық жетіспей жүргені де жасырын емес. Сайып келгенде бүгінгі күні банкроттық мекемелермен жұмыс жүргізуде екінші деңгейдегі банктер мен жергілікті өкілетті органдардың қызметіне кедергі келтіруде. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мамандарының мәліметінше, өткен жылы «Е» есімді Қостанай облысының тұрғыны банкроттық жүйені «алаяқтық» мақсатта пайдаланып, 47 млн-нан астам қаражатты жымқырғаны үшін жауапкершілікке тартылған.Қазіргі таңда ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» заңына сәйкес, жалған банкроттық жариялаған компания иелері жауапқа тартылуда. Бұрынғыдай серіктестік немесе кәсіпкерлік нысанын ашып, құрылтайшылар қалаған уақытта банкротқа ұшырады деп жаба алмайды. Сондықтан мамандар, шығынға ұшырағалы тұрған кәсіпорын басшыларына алдын-ала хабарлауды ескертеді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...