ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙТЫН САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20:43, 25 қаңтар 2021

Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары бекітіліп, 23 қаңтарда сағат 9.00-де enpf-otbasy.kz сайтында өтінімдерді қабылдау басталды. Қаражатты қандай мақсатта пайдалануға рұқсат етіледі? Өтініш қанша уақыт қаралады? Осы және өзге де сауалдарға сала амамандары жауап берді.

Зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану туралы заңға өзгерістер енгізілген бірінші күннен бастап қостанайлық тұрғындар белсенділік танытқан. Оларды өз есепшоттарында қанша қаражат бары және оны қандай мақсатта пайдалануға болатыны қызықтырған. Бірінші кезекте азаматтар зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тарту көзделгенін ескерулері керек.

Жеткілікті мөлшер шегінің үстіндегі соманы шешіп алып, оны "Отбасы банктегі" депозитке салуға, өкінішке қарай, рұқсат жоқ. Соманы алғашқы жарна ретінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде пайдалануға рұқсат.

Өтініштер екі жұмыс күні ішінде қаралады. Содан кейін бес жұмыс күні ішінде арнайы шотқа ақша түседі. 45 жұмыс күнінде ақшаны пайдаланып, бүкіл құжатты порталға жіберген соң арнайы шоттағы ақшаны өзі көрсеткен реквизиттер бойынша сатып алушыға немесе ипотеканы өтеуге аударады.
 

Бүгінде Қостанай облысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 558 мыңнан астам шот бар. Мұның 3,4%-ы, яғни 25 мың 500-і жинаған қаражаттарының бір бөлігін пайдалана алады. Оның жалпы сомасы 46 млрд теңгені құрап отыр. Бұл, орташа есеппен, әр адамға 1,8 млн теңгеден.
Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

МЕРЕКЕНІҢ ЛОГОТИПІ МЕН ӘНҰРАНЫ ТАҢДАЛДЫ
20:48, 1 наурыз 2021
МЕРЕКЕНІҢ ЛОГОТИПІ МЕН ӘНҰРАНЫ ТАҢДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
КІТАП КӨРМЕСІ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛАДЫ
20:14, 24 ақпан 2021
КІТАП КӨРМЕСІ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛАДЫ
Толығырақ...