ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

«ЫБЫРАЙ ЖОЛЫ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

20:17, 11 мамыр 2021

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде филология ғылымдарының кандидаты, университет профессоры, ақын, жазушы Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа жинаққа мемлекеттік мұрағаттан басқа Ресейдің мұрағатынан алынған тың мәліметтер енгізілген.

«Ыбырай жолы» кітабының таныстырылымы – Ы.Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар жалғасы. 30 жылдан бері ұлы ағартушыны зерттеп келе жатқан ыбырайтанушы ғалым Серікбай Оспановтың кезекті еңбегі 6 тарау, 800 беттен тұрады. Ғылыми еңбек Алтынсарин білім алып, мекен еткен Омбы, Орынбор, Мәскеу, Қазан қалаларының мұрағаттарынан алынған тың мәліметтермен толықтырылған.

Тұсаукесер аясында ақынның еңбектері жинақталған көрмеде студенттер мен кеш қонақтары ақын шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Кітаптың таныстырылымында авторды университет басшылығы, облыстың белгілі ақын-жазушылары құттықтап, бұл еңбектің маңызы жайында ой өрбітті. Ағартушы жайлы көп жазылғанымен, аз айтылғанын алға тартты олар.

Ұлы ұстазды ұзақ жылдар зерттеп жүрген Серікбай Оспановтың бұған дейін Алтысариннің өмірі мен шығармашылығы, ағартушылық қызметі жайлы 13 еңбегі жарық көрген. Ал жаңа жинағы облыс бойынша 500 тиражбен оқырмандарына жол тартпақ.

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...