ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ҮЗІЛМЕЙТІН БАЙЛАНЫС

20:13, 24 ақпан 2021

Қостанай облысының тұрғыны Фазылхан Мауданов ұзақ жылдар бойы Ереваннан сәлемдеме алып тұрған. Ардагер байланысшы мұны кезінде жергілікті халықтың қамқорлығын көрген армян достарының адал пейілі деп есептейді. «Қазақтар түрлі тағдырмен келген өзге ұлыс өкілдерін жатсынбай бауырына басты. Дастархандағы дәмімен бөлісті. Осылайша адамгершіліктің зор үлгісін көрсетті. Мұны ешқашан ұмытуға болмайды. Алғыс айту күні мерекесінің маңызы да осында» дейді қарт пошташы.

Бүгінде көрмеге қойылған бұл байланыс құралдары – бір дәуірде ел тұрмысына озық жаңалық болып енген еді. Оның бәрі 49 жыл өмірін пошта қызметіне арнаған сала ардагері,  «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері Фазылхан Маудановтың көз алдында.

Пошташы телеграмм, хат, телефон арқылы адамдар арасын жалғап жатты. «Бірақ, дүниедегі ең мықты әрі үзілмейтін байланыс – достық, татулық тіні» дейді зейнеткер. Өткен ғасырдың 60 жылдары Торғай жеріне де өзге ұлт өкілдері ағылып келе бастағаны белгілі. Жергілікті жұрт оларды жатырқаған жоқ. 

Ардагер байланысшының армян достары көзі жұмылғанша сағынышты сәлемін үзбеді. Мына сарғайған хаттар сол достықтың жалғыз жәдігері. «Қазір елімізде жүздеген диаспора өкілдері өмір сүріп жатыр. «Ынтымақты елге бақ  тұрады», бейбіт күнде адал еңбек етіп, ортақ Отанымыз Қазақстанға алғыс білдіруіміз керек, дейді, 81 жастағы қария.

Балауса Жақсыбай

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...