ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

16:56, 11 қаңтар 2022

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің әскері Қазақстанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалаған мерзімге дейін ғана болады. Ресей Президенті Владимир Путин Ұжымдық қауіпсіздік кеңес отырысында осылай деді. Кеңестің кезектен тыс сессиясы өтті. Онда ұйымға мүше елдер басшылары Қазақстандағы ахуалға қатысты кеңесті.

Кезектен тыс сессия Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды. Тақырып біреу – Қазақстандағы қазіргі ахуал. Бейнебайланыс бір минут үнсіздікпен басталды.Президент бұл дүрбелеңді ел тарихындағы ең үлкен дағдарысқа теңеді.  Лаңкестік лаңы тұтас елдің тыныштығын бұзды. Мемлекет басшысы Қазақстанға қарсы бұл құйтырқылыққа шетелдік күштердің де қатысқанын атады.

Жаппай құқық бұзушылық елдің 11 қаласында болды. Ең көп зардап шеккен – Алматы. Осы оқиғалардың бәрі бір орталықтан басқарылды.Президент мұны мемлекетке қарсы террористік соғыс деп атады. Лаңкестер Ақорданы да басып алмақ болған.

Террористер ізін жасыру үшін сақалын қырып, киімін ауыстырып, түрлі қитұрқылық әрекеттерге барған. Олардың дайындығы тыңғылықты болғаны соншалық, мәйітханаға дейін басып кіріп, қылмыстарының ізін жасыру мақсатында өз жақтастарының денесін алып кетпек болған.Озбырлардың аяусыз әрекеттерінен қарулы күштердің 16 қызметкері қаза тапты. Жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмған бейбіт тұрғындардың саны нақтыланып жатыр. Бұл оқиға «Алматы трагедиясы» ретінде тарихта қалатынын айтты Президент.Ал Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің әскері Қазақстанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалаған мерзімге дейін ғана болады. Ресей Президенті Владимир Путин осылай деді. Әскери міндеттері аяқталған соң өз елдеріне қайтады.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер Қазақстан ұстанымын қолдайтындарын жеткізді. Әрі тиісті көмек алдағы уақытта да жалғаса береді.Ұйым бұл оқиғадан тәжірибе алуы тиіс. Осал тұстар талданады, тиісті шешім шығарылады. Реттеуші құжатқа түзетулер енгізіледі. Ал жалпы әскери-саяси ұйым ретінде өзінің қажет екенін дәлелдеді деді Президент. 

Алдағы күндері Қазақстанға Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Бас хатшысы Станислав Зась келеді. Мемлекеттер басшылары Ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстандағы миссиясы аяқталғанша тұрақты байланыста болуға уағдаласты. 

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
13:02, 20 қаңтар 2022
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
13:00, 20 қаңтар 2022
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
12:56, 20 қаңтар 2022
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
 ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
11:03, 19 қаңтар 2022
ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
Толығырақ...
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
11:01, 19 қаңтар 2022
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ...
Толығырақ...