
Амангелді ауданындағы Байғабыл ауылындағы мектепте Серікбай Шоңғалов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бөлмесі ашылды. Серікбай Шоңғалов еңбек жолын қатардағы мұғалім ретінде осында бастаған. Кейін Аманкелді ауданында бірнеше білім ордасын басқарды. Осы салада 40 жыл табан аудармай еңбек етіп, «ҚР білім беру ісінің үздігі» атанды. Өзі өмірден озғанымен соңында өшпес ізі қалған ұстаздың мұрасы кейінгі ұрпаққа өнеге.