
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бітімгерлік күштерінің Қазақстандағы миссиясы аяқталды. Олар ел аумағынан толығымен кетті. Соңғы жеке құрам Алматыдан ұшып шықты. Қазір ел аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ. Ұйымның біріккен бітімгерлік контингентін кезең-кезеңімен шығару 13 қаңтардан бастап жүзеге асты. Аталған мерзімді қарулы күштердің Жоғары бас қолбасшысы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілегені мәлім. Айта кетейік, ұйымға мүше елдерден 2000-нан астам адам мен 250 бірлік техника елдегі жағдайды тұрақтандыруға үлес қосты.