
Үкімет бизнеске артық әкімшілік жүктемені азайту және неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау шараларын енгізіп жатыр. Бұл мәселе Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Үкімет бизнеске артық әкімшілік жүктемені азайтып, кәсіпкерлікке неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау үшін ««Таза парақтан бастап» реттеу шараларын енгізіп жатыр. Осы ретте реттеуші актілердің барлығы қайта қаралмақ. Кеңеске қатысушылар жер қатынастары, ақпарат және байланыс, компьютерлік бағдарламалау, құбыржол көлігі қызметі, қаттау және тау-кен өнеркәсібі салаларында талдау жүргізу барысын талқылады.