ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУЫҚ СУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 34 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

11:09, 25 қазан 2021

Қала тұрғындарының суық су үшін қарыздары 34 млн теңгеден асты. Бұл, кезекті рет рейдтік шаралар өткізуге түрткі болды. «Қостанай су» коммуналдық кәсіпорнының өкілдері берешегі қордаланған пәтерлерді аралап жүр. Қарыздарын өтемесе, судан ажыратылып, мүліктері тәркіленетінін ескертеді. Бұл баспанаға коммуналшылар бұған дейін де бірнеше мәрте бас сұққан еді. Әдетте үй иесін табу мүмкін болмайтын. Бірақ, осы жолы борышкер үйінде болып шықты. Ол 5 жыл көлемінде судың ақысын төлемеген. Рейд барысында, сала мамандары суық су құбырын жауып бекітуге кірісті. Алайда комуналдық қызмет ақысын төлеуді созбаққа салып жүрген тұтынушы суды ағытуға жол бермей, қарыздан құтылуға уәде етті. Тұрғындардың «Қостанай су» компаниясына берешегі осылай жиі үй аралап, рейд жүргізуге мәжбүрлейтінін айтады коммуналшылар. Облыс орталығында салқын суға берешек абоненттердің саны мыңдап саналады. 3 айдан жоғары төленбеген коммуналдық қарыз 34 млн теңгеден асқан.Сала мамандары жауапсыз тұтынушылармен күресті тоқтатпақ емес. Жылдап көрсетілген қызмет үшін 1 тиын да төлемегендерге заң шеңберінде шара қолданылады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...