ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПАРТИЯЛЫҚ БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

10:02, 1 желтоқсан 2021

Қостанайда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға партия ардагерлері шақырылып,түрлі салада қызмет етіп, белсенділігімен көзге түскен азаматтарға партиялық билеттер табыс етілді.

Шодмонбек Халметов Қостанай металл конструкцияларын өндіру зауытының білікті қызметкері. Еңбек жолын қарапайым жұмысшы боп бастаған ол осы кезге дейін өзіне жүктелген тапсырманы мінсіз орындап, жауапкершілікті сезінетін азамат екенін көрсетті. Ол  «НұрОтан» партиясы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалардың халық үшін пайдасы көп деп есептейді. Сондықтан, өзі де игі бастамаларға үлесін қосқысы келеді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Шодмонбек нұротандықтардың қатарына өтті.

Салтанатты жиынға қатысқан аға буын өкілдері партия құрамын толықтырған жастарға тілектерін жеткізді. Олар елдің дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.  

Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келген  дәстүрлі жиында  4 азаматқа партиялық билет табысталды. Айта кетейік, партияға мүше болу ерікті түрде жүзеге асырылады. Оған 18 жасқа толған, арнайы талаптарға сәйкес келетін азаматтар қатыса алады.  Қазіргі таңда "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы қатарына 42 мыңнан аса адам мүшелікке қабылданған.

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
13:02, 20 қаңтар 2022
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
13:00, 20 қаңтар 2022
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
12:56, 20 қаңтар 2022
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
 ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
11:03, 19 қаңтар 2022
ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
Толығырақ...
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
11:01, 19 қаңтар 2022
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ...
Толығырақ...