ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

ТОБЫЛ ӨЗЕНІН ТАЗАЛАУҒА 80 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

20:33, 28 шілде 2021

Жыл сайын елімізде «Таза су айдындары» республикалық акциясы өткізіледі. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шара биыл да жалғасуда Мұндай акциялардың басты мақсаты – су айдындарында қалған балық аулау құралдарын шығару, өзен-көлдерді, жағалауларды қоқыстан тазарту, сонымен бірге қоғамның жануарлар дүниесін қорғайтын органдарға қатысты пікірін оңалту және азаматтардың табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Қостанайда Тобыл өзенін тұнба мен қопадан тазарту басталады. Соңғы жылдары облыстағы су қоймаларының таяздығы байқалуда. Осыған орай айдындар арнасын тазарту жұмысын жүргізудің қажеттілігі артып келеді. Ағымдағы жылы мұндай шараларға 40 млн теңге бөлінді.

Аталған проблеманы шешу үшін табиғи ресурстар басқармасы «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар» атты бюджеттік бағдарлама аясында  Тобыл өзенінің арнасын тазарту жөніндегі жұмыстарды 2008-ші жылдан бастап жүргізіп келеді. Он жылдан артық уақыт атқарылған шаралар нәтижесінде, су айдындарының ауданы 35 гектарға ұлғайыпты.   

Тобыл өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жоспар бойынша осы жылдың тамыз айында басталады. Осы ретте мердігерлік ұйымның міндеті - су қоймасын тереңдету және қалың өскен қамыстан арылту. Табиғатты тиімді пайдалана білудің алғы шарттарының бірі осы, - дейді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...