
Биыл Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының негізі қаланғанына 90 жыл. Осыған байланысты облыстық «Тарихи-өлкетану музейінде» дөңгелек үстел жиыны өтті. Шара шеңберінде өлке табиғатын зерттеу тұрғысындағы маңызы зор мәселелер қозғалды. Онлайн режимде өрбіген кездесуге отандық және шетелдік табиғат зерттеушілері қатысты
Тобыл өңірінің інжу-маржаны, жалпыхалықтық құндылық пен көркем табиғаттың бірегей бұрышы - Наурызым қорығы. Бірнеше ғасырлық тарихы бар табиғат тамашасы әлі күнге дейін саяхатшыларды қуантып келеді. Музей қабырғасында өткен іс-шарада табиғат зерттеушілері қозғаған басты тақырып Науырзым қорығының тарихы мен гүлденуі болды.
Облыстық «Тарихи-өлкетану мұражайының» табиғат секторында мұндай дөңгелек үстел жиыны алғаш ұйымдастырылып отыр. Музей мамандары онлайн форматта болса да, осындай кездесулер арқылы тәжірибе бөлісуге және жаңа дүние үйренуге мүмкіндік бар деген ой аттты. Хош, бүгінде Науырзым қорығы...
Жалпы, мұражай мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта Қостанай облысының табиғаты қанағаттанарлық жағдайда. Оның сұлулығы мен байлығы шетел саяхатшыларын қатты қызықтырады. Аймақ аумағында өте сирек кездесетін және «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен әр алуан жануарлар әлемі - тұтас мемлекетіміздің, әсіресе, Тобыл өңірінің зор мақтанышы.