ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ

20:43, 29 шілде 2021

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 5 қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген дарынды жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындау қажеттігін атап өтті. Осы орайда, Министрлік 2021 жылдың 8 шілдесінде №469 Үкіметтің қаулысымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грантты тағайындау бойынша ережені бекітті. Ел көлемінде бастау алған байқаудың шарттары мен талаптары қандай? Толығырақ тілші бейнематериалында.

«Тәуелсіздік ұрпақтары». Осындай атаумен елімізде республикалық байқау бастау алды.  Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына арналған гранттың негізгі мақсаты -  белсенді шығармашыл жастардың жобаларын, бастамаларын іске   асыру,   қолда   бар   жобаларды   дамыту, ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Сонымен қатар, жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға қолдау көрсету.

Жоба аясында грантты жүзеге асыру аясында қазіргі таңда еліміздегі жастарға қатысты өзекті мәселелер зерделеніп 5 бағытты қамтыды. Олар:

1.    «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыру үшін;
2.    «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
3.    «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеу үшін;
4.    «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;
5.    «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін;

Жастар саны елімізде 3,8 миллион немесе жалпы халықтың 20%-ын құрайды.  «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мемлекеттік   қолдау   мақсатында еліміздің талантты жастарына қаражатыты жыл сайын Үкімет белгілейді. Сонымен қатар, үміткерлердің үздік жобаларын анықтау мақсатында Министрдің бұйрығымен конкурстық комиссия құрамы бекітілген. Комиссияның құрамы орталық атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, ғалымдар және грант бойынша мамандар мен сарапшылардан құралған.

«Аз құжат – көп идея» ұстанымын басты назарға  алынған байқауға үміткер 14 жасқа толған және 29 жастан аспаған болуы тиіс. Конкурстық өтінімдерді мемлекеттік және  орыс тілдерінде қабылданады. Байқау соңында, үздік деп танылған 30 жобаға 3 млн теңгеден грант берілмек.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
09:47, 23 қыркүйек 2021
" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
Толығырақ...
 ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
09:40, 23 қыркүйек 2021
ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
Толығырақ...
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
09:09, 22 қыркүйек 2021
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...