
Қостанайда балалардың терек ұлпасын жағып, ойнауы салдарынан тіркелген өрт оқиғалары жиілеген. Осы ретте облыста өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен алдын алу мақсатында 200-ге жуық адамнан жасақталған 50-ден астам бірлескен мобильді топ құрылды. Оған азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі және орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері мүше.